Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения

Еңбекті қорғау

Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша жұмыс жүйесі

Кәсіпорынның басым мақсаты жұмысты қауіпсіз орындау, қызметкерлердің және басқа да мүдделі тараптардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті жою.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің тиімді жұмыс жасауы мақсатында Кәсіпорында еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау қызметі құрылды. Қызмет жұмыскерлері өз жұмысында құрылымдық бөлімшелермен өзара әрекет етіп, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа алады.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласында жоғары көрсеткіштерге қолжеткізу үшін Кәсіпорында кіріктірілген менеджмент жүйесі енгізілген, онда OHSAS 18001 сериясының халықаралық стандартының денсаулықты сақтауды басқару және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі ISO 14001 халықаралық стандартына сәйкес келетін экологиялық менеджмент жүйесімен үйлесімді қатар әрекет етеді.

ЕҚ және ҚТ басты мақсаттары:

  • Алдын ала қауіпсіздік деңгейін жақсарту;
  • Ақпараттандыруды және коммуникацияны жақсарту;
  • Оқыту арқылы техникалық сауаттылық деңгейін көтеру, тұлғалық өсу және ҚТ саласында білімді жақсарту;
  • Мердігерлік ұйымдардың қауіпсіздігін басқару;
  • Қызметкерлердің/мердігерлердің қауіпсіз емес іс-әрекеттерін жою.

Кәсіпорында мердігерлік ұйымдарды басқаруға аса назар аударылады. Мердігерлік ұйымдар станцияда жұмыстардың көбін орындайтындықтан, Басшылар «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС қызметкерлері мен мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерінің арасын бөлмейді – біз үшін станцияда әрбір жұмыскердің денсаулығы мен өмірін сақтап қалу маңызды.