Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

Өскемен ГЭС акваториясынан маусым сайын шамамен 100 текше метр қоқыс шығарылады

Акваторияны тұрақты түрде тазарту жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, Өскемен су қоймасының тұрмыстық қалдықтармен ластану мәселесі өзекті болып қала береді. Демалушылар су қоймасының жағалауында қалдырған пластик бөтелкелер, пакеттер, қаптамалар және басқа да қалдықтар ағыс арқылы біртіндеп Өскемен ГЭС бөгетіне дейін жеткізіледі.

«Өскемен ГЭС» ЖШС «Samruk Úmiti» кәсіптік бағдар беру жобасын қолдайды

Өскемен ГЭС-інде Балалар ауылы мен «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті. «Samruk Úmiti» жобасын «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қолдауымен Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қоры жүзеге асырады.

Өскемен ГЭС-і су тасқыны кезеңіне дайын

Ертіс ГЭС каскадында көктемгі су тасқыны кезеңі басталды, ол шамамен мамыр айының басына дейін жалғасады. Бұқтырма ГЭС-і, Өскемен ГЭС-і және Шүлбі ГЭС-інің жұмысы қазіргі гидрологиялық жағдайды ескере отырып, Ертіс бассейндік су инспекциясымен (ЕБСИ) үйлестіріледі. Су тасқынының негізгі кезеңі — «тасқын өзегі» — қазірдің өзінде басталды.

Өскемен ГЭС-да жаңа бас директор таныстырылды

12 қаңтарда "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма Төрағасы аппаратының басшысы Ерген Шалин Өскемен ГЭС ұжымына жаңа бас директорды таныстырды. "Qazaq Green Power PLC" жария компаниясының директорлар Кеңесінің шешімімен бұл лауазымға Мерей Әділбекұлы тағайындалды.

Өскемен ГЭС № 4 гидроагрегатын күрделі жөндеу жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар

Өскеменде Өскемен ГЭС № 4 гидроагрегатын күрделі жөндеу жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.

Өскемен ГЭС-на электр қуатын аттестаттау

Өскемен ГЭС электр қуатын жоспарлы аттестаттаудан сәтті өтті. Бұл энергия өндірушілер-қуат нарығының субъектілері үшін міндетті рәсім. Аттестаттау ГЭС-тің алдағы жыл ішінде қуат нарығында өткізетін қуатын анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Өскемен ГЭС-да 4 гидроагрегат жұмыс істеп тұр.

Естелік пен алғыс нұры

Жеңіс күніне орай Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, концлагерьлердің жас тұтқындарын және Қоршаудағы Ленинградтың бұрынғы тұрғындарын қолдау мақсатында дәстүрлі еріктілер акциясын өткізді.

Өскемен ГЭС су тасқыны кезеңіне дайын

Өскемен ГЭС көктемгі су тасқынынан өтуге дайындықты аяқтады. Станцияда гидротехникалық құрылыстардың жұмысына тұрақты мониторинг жүргізіледі, су деңгейі тәулік бойы бақыланады.

Өскемен ГЭС- да электр қуатын сертификаттау

Өскемен, 10 маусым// Өскемен ГЭС электр қуатын жоспарлы аттестаттаудан сәтті өтті.

Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС табиғатты қорғауға су жіберуді бастады

Өскемен - Семей // 2022 жылы 19 сәуірде Ертіс су қоймалары каскадының су ресурстарын пайдалану жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, ол 16 сәуір мен 8 мамыр аралығында Ертіс ГЭС каскады үшін Ертіс өзенінде табиғатты қорғау мақсатында су жіберу кезеңін анықтады. Жоғарыда көрсетілген комиссияның шешіміне сәйкес Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС табиғатты қорғау өтемдік су жіберуін бастады.

Страницы: 1 2 3 След.