Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
Қабылдау
8 (7232) 56-10-47

Жалпы мәліметтер

ГЭС бөгеті көлемі 0,65 млрд. м3 болатын тәуліктік реттеу Өскемен су қоймасын құрайды.

ГЭС «Ленгидропроект» институтымен жобаланған.

ЖШС «АЭС Өскемен ГЭС»

Өскемен ГЭС Ертіс ГЭС каскадының екінші сатысы болып табылады және Бұқтырма ГЭС контр реттеуішінің рөлін атқарады. Станция ДнепроГЭС-ның үлгісі бойыша жобаланған. Негізгі атқарымы – электр энергиясын өндіру және Ертіс өзенінің ағындысын өтемақылық реттеу.

Станция тарихы

1939 ж. – станцияның құрылысы басталды.
1952 ж. – Өскемен ГЭС алғашқы турбинасы пайдалануға берілді.
1959 ж. – соңғы, төртінші гидроагрегат пайдалануға берілді.
1997 ж. – Өскемен ГЭС AES компаниясына концессияға берілді.
2003 ж. – ГА-2 өкшелігі ауыстырылды.
2006 ж. – ТЗ трансформаторы «А» фазасы ауыстырылды.
2011 ж. – №4 гидрогенераторының статорын ауыстыру бойынша жоба аяқталды.
2013 ж. – жаңартылған №1 гидрогенератор пайдалануға берілді.
2015 ж. – даралық қуаты 95 МВТ дейін арттылып, жаңартылған №3 гидрогенератор пайдалануға берілді.
2017 ж. – даралық қуаты 95 МВт дейін арттырылып, жаңартылған №2 гидрогенератор пайдалануға берілді.
2017 ж. – Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС-ның мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Энергетика министрлігіне берді.
2018 ж. – бұрынғы 331,2 МВт орнына 355,6 МВт дейін орнатылған қуатты арттырып, №2 және №3 гидроагрегаттарды қайта таңбалау бойынша шаралар кешені аяқталды.

Біз туралы сандар

4
Агрегаттардың саны
355,6 мВт
Орнатылған (жобалық) қуаты
333 МВт
Иелік (нақты) қуаты
139 адамдар
Қызметкерлердің штаттық саны