Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Өскемен ГЭС-да жаңғырту бойынша бес жылдық жұмыс аяқталды

Өскемен ГЭС-да жаңғырту бойынша бес жылдық жұмыс аяқталды

Өскемен. КАЗИНФОРМ – Өскемен ГЭС-да 355,6 МВт дейін гидростанцияның қуатын арттырған екі гидроагрегатты жаңарту аяқталды (бұрынғы 331, 2 МВт орнына), деп хабарлады «Казинформ» ХАА корреспондентына. «Гидроагрегаттарды толық жаңарту әрқайсысының қуатын 12МВт астам арттырды», - деді «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС бас директоры Асқар Балабатыров. – тәуліктік өндіріс қимасында бұл 400 000 кВт*сағаттан артық, бұл, әрине, тұтынушыларды энергиямен жабдықтау үшін өте маңызды».

Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылдың маусым айынан бастап 2015 жылдың сәуір айына дейін ШҚО Индустрияландыру картасына енгізілген №3 гидроагрегат жаңартудан өтті, ал 2015 жылдың қараша айынан бастап мұндай жұмыстар №2 гидроагрегатта жүргізілді.

«АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС техникалық директоры Олег Изотовтың сөзі бойынша, По словам технического директора ТОО «АЭС Усть-Каменогорская ГЭС», Олега Изотова, «Мамандандырылған мердігерлік ұйым абсолют әдіспен гидроагрегаттарды діріл және энергетикалық сынақтан өткізді, бұл сынақ №2 және №3 гидроагрегаттар қанағаттанарлық жағдайда екенін, барлық кепілдік пайдалану көрсеткіштері жабдықты дайындаушы зауыттармен мәлімделген көрсеткіштерге сәйкес екенін көрсетеді. Бұл олардың дайындалуының жоғары дәлдігі мен монтаждау жұмыстарының сапасын растады. Жаңартылған турбиналардың ПӘК ең жоғарғы деңгейі 96,6% жетеді, салыстыру үшін -жаңартқанға дейін ПӘК 90% артық болмаған».

Компанияда атап өткендей, жаңарту жобаларына гидрогенераторды, гидротурбинаның жұмыс доңғалағын1 (судың механикалық энергиясын айналмалы біліктің энергиясына түрлендіретін гидравликалық турбинаның негізгі торабы), сондай-ақ «көтергіш» трансформаторларды ауыстыру кірді. Бұдан бөлек, гидроагрегаттарды автоматтандырылған басқарудың, стационарлық мониторингтің заманауи жүйелері, гидротурбина арқылы өтетін су шығынын бақылаудың ультрадыбыстық жүйесі енгізілді. Ескірген қоздыру жүйесі2 заманауиына ауыстырылды. Бұл электр энергиясын өндіру үшін қажетті генератордың көмекші жабдығы.


Бұрын