Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
400 000 жуық балық шабағын Өскемен және Шүлбі су бөгендеріне жібереді

400 000 жуық балық шабағын Өскемен және Шүлбі су бөгендеріне жібереді

Өскемен ГЭС-да және Шүлбі ГЭС-да Ертіс бассейнінің су қоймаларына балық жіберу акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды «DKNews» ХАА. Ермаковка ауылының маңайындағы Өскемен су қоймасына және Азовое ауылының жанындағы Шүлбі су қоймасына 400 000 жуық сазан, тұқының биылғы төлін (ескерту – осы жылғы төл) жібереді, олар балық жіберу орындарына «Ертіс Балық» ЖШС балық шаруашылығынан арнайы тірі балық сақтайтын ыдыстарда жеткізіледі. Бұл жөнінде «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС мен «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС хабарлады. Өскемен су бөгені - бөгені салыстырмалы түрде ихтиофаунасы өте жұтаң, балық саны аз, оларды өндіруқайта өсіру және оңалту үшін қанағаттанарлықсыз абиотикалық жағдайымен су қоймасы болып табылады. Су қоймасында табан балық, сазан, көксерке, рипус, пелядь үлкен қиындықпен бейімделді. Өз кезегінде Шүлбі бөгені – өнімділігі орташа су қоймасы, қазіргі уақытта оның ихтиофаунасында балықтың 25 түрі бар, оның 20 «аборигендерге» жатады, қалғаны сырттан әкелінген. Акцияның мақсаты – Ертіс өзенінің бассейніндегі ихтиофаунаны қолдау. Балық жіберу процедурасының өзі комиссияның қатысуымен өтеді. Оған ШҚО табиғат қорын басқару және табиғатты пайдалануды реттеу, «Балық шаруашылығының қазақ ғылыми-зерттеу институты» Алтай филиалының, балықшылардың қоғамдық бірлестіктерінің республикалық ассоциациясы мен «Казахрыбхоз» балық шаруашылығы субъектілерінің, «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «ШҚ облыстық аумақтық инспекциясы» РММ өкілдері кіреді, - деп түсіндірді «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС және «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманы Светлана Нищенко. Оның сөзінше, Дүниежүзілік гидроэлектрстанцияларды пайдалану тәжірибесі балықтардың популяциясы мен олардың жемшөп қорына кері әсері бар екенін көрсетеді – бұл, өкінішке орай, технологиялық шарасыздық. Өскемен ГЭС мен Шүлбі ГЭС мұндай әсері жоқ емес. Аталған нысандардың құрылыс жобаларында балықты қорғау және балық өткізу ғимараттары қарастырылмаған. Гидроэнергетиктердің, экологиялық бірлестің және жергілікті биліктің бірлескен күшімен «өтемақылық табиғатты қорғау шаралары» әзірленді, бұл Ертіс бассейніне балық жіберу арқылы ихтиофаунаны толтыру болды. - Гидроэнергетиктер үнемі ГЭС-ның экология үшін аса қауіпсіз ету жолдарын іздейді. Сөйтіп, Шүлбі ГЭС-да балық құртшабағының шығынын азайту үшін тубиналық сужеткізгіштердің алдында жарық нүктелерін жасау үшін прожекторлар орнатылды, олар балықтың суалу ғимараттарына түсіп кетуін азайтуға себептеседі, - деп мәлімдеді Өскемен және Шүлбі ГЭС атқарушы директоры Тілек Айдабулов. Бұл су қоймаларына балық жіберу бойынша акциялар жүйелі түрде өткізіледі. 2018 жылы Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС табиғатты қорғау шараларына 8,8 млн теңге көлемінде қаражат бөлді.

Бұрын