Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Шығыс Қазақстан облысының энергетиктері Ертіске балық жіберуді қолға алды

Шығыс Қазақстан облысының энергетиктері Ертіске балық жіберуді қолға алды

Өскемен. 15 қыркүйек. КазТАГ – 400 мыңға жуық сазан құртшабағы Ертіс бассейніне жіберілді деп хабарлады «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС және «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманы Светлана Нищенко. «Өскемен ГЭС-да және Шүлбі ГЭС-да Ертіс бассейнінің су қоймасына балық жіберу акциясы өтуде. Ермаковка а. маңайындағы Өскемен су қоймасына және Азовое а. Жанындағы Шүлбі су қоймасына жалпы 400 мыңға жуық сазан (тұқы) құртшабақтары жіберіледі, оларды балық жіберу орындарына арнайы тірі балықты сақтайтын ыдыстарда жеткізеді», - деп хабарлады С.Нищенко. Оның сөзінше, бастапқыда аталған ГЭС құрылыс жобасында балықты қорғау және балық өткізу ғимараттары қарастырылмаған. Бірақ гидроэнергетиктер мен экологиялық қауымдастықтың бірлескен күштерімен өтемақылық табиғатты қорғау шаралары әзірленді, яғнм – Ертіс бассейніне балық жіберу арқылы ихтиофаунаны толтыру. «2018 жылы станцияның табиғатты қорғау шараларына 8,8 млн.теңге бөлінді. Өскемен және Шүлбі бөгендеріне балық жіберу шаралары жүйелі түрде өткізілетін болады», - деді С. Нищенко. Өскемен ГЭС алғашқы турбинасы 1952 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді, оның белгіленген қуаты – 331,2 МВт. Өскемен ГЭС апта-тәулік қимасында Бұқтырма ГЭС қайта реттеу қызметін атқарады, яғни контр реттеуіштің рөлін орындайды. Шүлбі ГЭС алғашқы турбинасы 1987 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді, оның белгіленген қуаты – 702 МВт. Бұл ГЭС көктемгі табиғатты қорғау су жіберу мерзімінде Бұқтырма ГЭС мен Шүлбі ГЭС бөгет тұстамаларының арасындағы қапталдық салалық маусымдық ағынды жартылай реттеуді жүзеге асырады, сонымен қатар жазғы-күзгі тасқындардан өту мерзімінде. Фото алынған дереккөз: ашық дереккөздерден.

Бұрын