Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Шығыс Қазақстан облысында 90-нан астам елді мекенде су басу қаупі бар

Шығыс Қазақстан облысында 90-нан астам елді мекенде су басу қаупі бар

09.03.2021

«Су тасқынының алдын алуға және күресуге бағытталған өңірдің дайындық шаралары белгіленген жоспарды талқыладық. 10 ақпаннан су басу қаупі бар учаскелерді тексеру және облыс аумағындағы гидрологиялық жағдайға аэровизуалды мониторинг жүргізу жұмыстары басталады. Бүгінгі таңда су тасқыны қаупі бар 94 елді мекен немесе 7191 тұрғын үй орналасқан 121 учаске анықталды. Мамандардың айтуынша, су басу қаупі Өскемен қаласы, Алтай, Катонқарағай, Тарбағатай, Глубокое және Бородулиха аудандарында орта деңгейден жоғары», – деді аймақ басшысы Даниал Ахметов

Оның айтуынша, Үлбі, Таулы Үлбі, сондай-ақ Ертіс өзенінің Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейінгі тұсында жүргізілген аэровизуалды зерттеу жағдайдың тұрақты екенін көрсетеді. Алайда мұздың қатуы байқалады. Облыс өзендерінің басым бөлігіндегі мұздың қалыңдығы 2018-2020 жылдардың көрсеткіштерінен жоғары. Бұқтырма өзенінде 60-тан 70 см-ге дейінгі аралықта.

«Қауіпті төмендету мақсатында Бұқтырма, Ертіс, Күршім, Уба өзендерінде профилактикалық жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін 18 учаске анықталды. Осыған байланысты су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге облыстық бюджеттен бірінші кезекте жарылыс және жағалауды нығайту жұмыстары үшін қажетті қаражат бөлінетінін атап өткім келеді. Сонымен қатар барлық су қоймалардағы судың деңгейін бақылауды тоқтатпау қажет, оның ішінде «Қазсушаруашылығына» қарасты аумақтар да бар», – деді Даниал Ахметов.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ


Бұрын