Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
ШҚО гидроэнергетиктері Ертіске балық жіберуді қолға алды

ШҚО гидроэнергетиктері Ертіске балық жіберуді қолға алды

ӨСКЕМЕН-СЕМЕЙ. КАЗИНФОРМ – Өскемен ГЭС-да және Шүлбі ГЭС-да Ертіс бассейнінің су қоймаларына балық жіберу акциясы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды «Казинформ» ХАА корреспонтенті. Ермаковка а. маңайындағы Өскемен су қоймасына және Азовое а. Жанындағы Шүлбі су қоймасына жалпы 400 мыңға жуық сазан (тұқы) құртшабақтары жіберіледі, олар «Ертіс балық» ЖШС балық шаруашылығынан балық жіберу орындарына арнайы тірі балықты сақтайтын ыдыстарда жеткізіледі. Энергетиктер акцияның басты мақсаты – Ертіс өзенінің бассейніндегі ихтиофаунаны қолдау деп түсіндірді. Өңірдегі екі ГЭС айтқарушы директоры Тілек Айдабуловтың сөзінше, «Гидроэнергетиктер ГЭС-тың экологияға анағұрлым қауіпсіз ету үшін үнемі ізденіс үстінде болады. Сөйтіп, Шүлбі ГЭС-да балық құртшабағының шығынын азайту үшін тубиналық сужеткізгіштердің алдында жарық нүктелерін жасау үшін прожекторлар орнатылды, олар балықтың суалу ғимараттарына түсіп кетуін азайтуға себептеседі». Дүниежүзілік гидроэлектрстанцияларды пайдалану тәжірибесі балықтардың популяциясы мен олардың жемшөп қорына кері әсері бар екенін көрсетеді – бұл, өкінішке орай, технологиялық шарасыздық. Өскемен ГЭС мен Шүлбі ГЭС мұндай әсері жоқ емес. Аталған нысандардың құрылыс жобаларында балықты қорғау және балық өткізу ғимараттары қарастырылмаған. Гидроэнергетиктердің, экологиялық бірлестің және жергілікті биліктің бірлескен күшімен «өтемақылық табиғатты қорғау шаралары» әзірленді, бұл Ертіс бассейніне балық жіберу арқылы ихтиофаунаны толтыру болды. 2018 жылы балық жіберуге 8,8 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді, енді Өскемен және Шүлбі су қоймаларына балық жіберу бойынша акциялар жүйелі түрде өткізіледі. Балық жіберу процедурасының өзі комиссияның қатысуымен өтеді. Оған ШҚО табиғат қорын басқару және табиғатты пайдалануды реттеу, «Балық шаруашылығының қазақ ғылыми-зерттеу институты» Алтай филиалының, балықшылардың қоғамдық бірлестіктерінің республикалық ассоциациясы мен «Казахрыбхоз» балық шаруашылығы субъектілерінің, «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «ШҚ облыстық аумақтық инспекциясы» РММ өкілдері кіреді. Сол арада, жуық арада мемлекеттің иелігіне қайтарылған, мемлекет үшін маңызы бар осы ГЭС компаниясында, Шүлбі ГЭС-да да, Өскемен ГЭС-да да, өздері орналасқан өңірлерде экологияны дәріптеуге және табиғатқа ұқыпты қарауға бағытталған жобаларды жүзеге асырып отыр. Бұл жобалар Ертіс жағалауын қоқыстан тазарту, заңсыз орнатылған ауларды алу, бұлақтарды тазалау, станция аумағында да, одан тысқары да ағаш көшеттерін отырғызу, табиғатқа ұқыпты қарау туралы ақпараттық баннерлерді орнату және басқа да өте маңызды іс-әрекеттер. Балық жіберудің маңыздылығын түсіндіретін тағы да бір маңызды толықтыру: Өскемен бөгені салыстырмалы түрде ихтиофаунасы өте жұтаң, балық саны аз, оларды өндіруқайта өсіру және оңалту үшін қанағаттанарлықсыз абиотикалық жағдайымен су қоймасы болып табылады. Су қоймасында табан балық, сазан, көксерке, рипус, пелядь үлкен қиындықпен бейімделді. Өз кезегінде Шүлбі бөгені – өнімділігі орташа су қоймасы, қазіргі уақытта оның ихтиофаунасында балықтың 25 түрі бар, оның 20 «аборигендерге» жатады, қалғаны сырттан әкелінген.

Бұрын