Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Өскемен және Шүлбі су қоймалары ертіске шабақ жіберуді жүзеге асыруда

Өскемен және Шүлбі су қоймалары ертіске шабақ жіберуді жүзеге асыруда

Ермаковка ауылына қарасты Өскемен су қоймасы және Азовое ауылының жанындағы Шүлбі су қоймасына сазан балығының шамамен 400 000 шабағын жіберді. Шабақтарды арнайы ыдыстарда «Ертіс Балық» ЖШС-нан алдырады.

«Акцияның мақсаты – Ертіс бассейнінде балық фаунасын жақсарту. Суға балық жіберу комиссия алдында жасалады, оның құрамына ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қазақ балық шаруашылығы ғалыми-зерттеу институты» ЖШС Алтай филиалы, «Казахрыбоз» балықшылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы өкілдері кіреді. Айта кетелік, біз ГЭС-тердің экология үшін қауіпсіз етуде шешімдерді үнемі іздейсіз. Осылайша Шүлбі гидроэлектростанциясында балық шығынын азайту мақсатында турбиналық су арналары алдында жарық нүктелері орнатылды, жарық су қондырғыларына балықтың түсуін азайтады», – деп хабарлады Өскемен ГЭС-і және Шүлбі ГЭС-і атқарушы директоры Тілек Айдаболов.

Осы ретте гидро энергетиктердің айтуынша гидроэлектростанцияларды пайдаланудың әлемдік практикасы көрсеткендей станцияның балық популяциясы мен олардың жемдік базасына теріс әсер ету – бұл технологиялық шарасыздық. Өскемен ГЭС-і және Шүлбі ГЭС-і осындай жағдайда сол тізімде. Гидроэлектростанцияларды салу уақытында балықты қорғау және балықты өткізу қондырғылары қарастырылмаған.

Алайда, гидроэнергетиктер мен экологиялық қоғамдастықың жұмылуымен табиғатты қорғау өтемдік іс-шаралар әзірленді, атап айтқанда Ертіс бассейніне балық жіберу арқылы ихтиофаунаны толықтыру қолға алынды. 2018 жылы станцияның табиғат қорғау шараларына шамамен 8,8 млн теңге бөлінген. Мұндай шаралар қос су қоймасында жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Бұған қоса Өскемен ГЭС-і және Шүлбі ГЭС-і басшылығы экология мен табиғатты қорғау, табиғи ресурстарды үнемдеуге бағытталған жобаларді өңірде жүзеге асыруда. Оның ішінде Ертіс жағалауын қоқыстан тазалау, заңсыз қойыдған ауларды табу, қайнарларды тазалау, станция аумағы мен басқа жерлерде де ағаш көшеттерін отырғызу, табиғатты аялау бойынша ақпараттық баннерлерді орнату жұмыстары бар.

Анықтама үшін

Өскемен су қоймасы – салыстырмалы түрде ихтиофаунасы нашар, балық саны аз, балықтың көбеюіне абиотикалық жағдайы төмен. Су қоймасында табан, сазан, көксерке, рипус, пайдабалық бейімделген.

Шүлі су қоймасы – бұл орта өнімді су қоймасы, оның ихтиофаунасына қазіргі таңда балықтың 25 түрі бар, оның ішінде 20-сы тұрғылықты түр, қалғаны осында жер сіндірілген.

«AЭС Өскемен ГЭС» ЖШС. Өскемен ГЭС-нің бірінші турбинасы пайдалануға 1952 жылы берліген. Орнатылған қуаттылық – 331,2 мВт. Өскемен ГЭС-сі Бұқтырма ГЭС-інің апта-тәулік су жіберуін реттеуші, яғни контрреттеуіш рөлін атқарады.

«АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС. Шүлбі ГЭС-інің бірінші турбинасы 1987 жылдың желтоқсан айында іске қосылған. Орнатылған қуаттылық – 702 мВт. Шүлбі ГЭС-і маусымдық, сонымен қатар көктемгі-күзгі сел жүргенде Бұқтырма ГЭС-і мен Шүлбі ГЭС-інің плотиналарының жармалары арасының бүйірлі су ағынын реттеуді жүзеге асырады.


Бұрын