Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Конституция әрбір қазақстандықтың тең мүмкіндіктерінің кепілгері болып табылады

Конституция әрбір қазақстандықтың тең мүмкіндіктерінің кепілгері болып табылады

  • 30.08.2018
  • Казинформ (inform.kz)

Әрқайсысымыздың тең құқығымыз бен тең мүмкіншіліктеріміз еліміздің Ата заңы – ҚР Конституциясында бекітілген. Еліміздің шығысындағы екі ГЭС бас директоры Асқар Балабатыров «Казинформ» ХАА блиц-сұхбатында қазақстандықтарды ҚР Конституциясы Күнімен шын жүректен құттықтады.

«Конституция Күні – бұл шын мәнінде бүкілхалықтық мереке, себебі Негізгі заң, олардың ұлты мен діни сеніміне тәуелсіз, республикамыздың барлық азаматтары үшін бірдей, сондықтан Конституция әрбір қазақстандықтың тең мүмкіншіліктерінің кепілгері болып табылады. Мұндай мүмкіншіліктердің бірі еңбек ету бостандығы құқығы, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау болып табылады», - деді Өскемен және Шүлбі ГЭС бас директоры Асқар Балабатыров. «Мен өз өмірімді энергетикамен байланыстырдым. Энергетика саласында көп жыл еңбек ете отырып, энергетикада еңбек етіп жүрген әрқайсысымыз болашаққа деген сеніммен және оптимизммен қараймыз деп айта аламын. Мен біздің жөнге салынған жұмысымыз, ауызбірлігіміз мен жасампаз энергиямыз Қазақстанның гүлденуге қарай қадамымызды алдын ала анықтайтынына мақтанамын. Мен әрбір қазақстандық үшін туған елімен мақтанатындай себептердің көп болуына тілектеспін», - деп сөзін жалғастырды Асқар Балабатыров. Асқар Балабатыровтың айтынша, Қазақстан Конституциясы күшіне енген сәттен бастап біз өзіміздің жаңа, тәуелсіз мемлекетімізді құра бастадық. Осы жылдар ішінде еліміз өз позициясын едәуір бекітті, Қазақстанды экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамудың орасан зор потенциялымен құқықтық демократиялық мемлекет ретінде біледі. «Осы мереке күні шын жүректен әрбір отбасына денсаулық, бақыт және амандық, халқымызға бейбітшілік пен келісім тілеймін, ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасына ары қарай өркендеп гүлдене берсін! Еліміздің тыныштығы бұзылмасын, тұрақтылық болсын», - деп тілегін білдірді Асқар Балабатыров.

«Казинформ» хабарлағандай, өткен жылдың қазан айында Қазақстан екі стратегиялық нысанды – 20 жыл американдықтарда концессияда болған Өскемен және Шүлбі гидроэлектрстанцияларын басқаруды мемлекеттің иелігіне қайтарды.


Бұрын