Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения

Балық өсіру!

  • 21.09.2018
  • Компания хабаршысы 38 (434)
Балықшылардың қуанышына қарай, Өскемен және Шүлбі ГЭС Ертіс су қоймаларына балық жіберу бойынша ерікті түрде акция өткізді. Сарқылып бара жатқан Ертіс ихтиофаунасын қолдау үшін, Өскемен бөгеніне* Ермаковка ауылының аймағында және Шүлбі бөгеніне**Азовое ауылының маңайында 400 000 биылғы төл*** сазан (тұқы) жіберілді. Құртшабақ балық «Ертіс Балық» ЖШС балық шаруашылығынан арнайы ыдыстарда жеткізіледі. Балық жіберу процесі құзыретті комиссияның қатысуымен өтеді. Дүниежүзілік гидроэлектрстанцияларды пайдалану тәжірибесі балықтардың популяциясы мен олардың жемшөп қорына кері әсері бар екенін көрсетеді – бұл, өкінішке орай, технологиялық шарасыздық. Өскемен ГЭС мен Шүлбі ГЭС мұндай әсері жоқ емес. Аталған нысандардың құрылыс жобаларында балықты қорғау және балық өткізу ғимараттары қарастырылмаған. Гидроэнергетиктердің, экологиялық бірлестің және жергілікті биліктің бірлескен күшімен өтемақылық табиғатты қорғау шараларын әзірледі, мысалы, Ертіс бассейніне балық жіберу арқылы ихтиофаунаны толтыру. 2018 жылы табиғатты қорғау шараларына екі ГЭС да 8,8 млн теңге көлемінде қаражат бөлді. Өскемен және Шүлбі су қоймаларына балық жіберу бойынша акциялар жүйелі түрде өткізіледі. – Гидроэнергетиктер ГЭС-ның экология үшін неғұрлым қауіпсіз ету мақсатында Шүлбі ГЭС-да турбиналық су жекізгіштердің алдына прожекторларды орнатты, олардан түскен жарық балықты суалу ғимараттарынан қорғап қалады.

Бұрын