Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
400 мыңға жуық сазан құртшабағын Ертіс бассейніне жібереді

400 мыңға жуық сазан құртшабағын Ертіс бассейніне жібереді

Ермаковка ауылының аймағындағы Өскемен су қоймасына және Азовое ауылының маңайындағы Шүлбі су қоймасына жалпы 400 мыңға жуық сазан (тұқы) құртшабағын жібереді, ол балық жіберу орындарына арнайы балықты тірідей сақтайтын ыдыстарда жібереді. Бұл жөнінде «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС және «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС жұртшылықпен байланыс жөніндегі маман Светлана Нищенко хабарлады. Оның сөзінше, бастапқы кезде аталған ГЭС құрылыс жобасында балықты қорғау және балық жіберу құрылыстары қарастырылмаған. Бірақ гидроэнергетиктер мен экологиялық қауымдастықтың бірлескен күшімен өтемақылық табиғатты қорғау шаралары әзірленген, яғни балық жіберу арқылы Ертіс бассейнінің ихтиофаунасын толтыру. 2018 жылы станцияның табиғатты қорғау шараларына 8,8 млн. теңгеге жуық бөлінді. Енді Өскемен және Шүлбі су қоймаларына балық жіберу шаралары жүйелі түрде өткізілетін болады», - деп хабарлады Светалан Нищенко.

Бұрын