Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС табиғатты қорғау су жіберуінен өткені туралы

Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС табиғатты қорғау су жіберуінен өткені туралы

03.05.2019

Өскемен-Семей // 19 сәуір 2019 ж. – Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС табиғат қорғау су жіберуі штаттық режимде өтеді.

Тұрақты жұмыс істейтін Ертіс су қоймалары құламасының* су ресурстарын пайдалану жөніндегі Ведомствоаралық комиссия отырысында, ГЭС Ертіс каскадының әр гидростанциясының су шығынының тәулік сайынғы кестесіне сәйкес, 15 сәуір мен 6 мамыр аралығында, жалпы көлемі 5,97 км3 табиғатты қорғау су жіберу кезеңі анықталды.

Табиғатты қорғау су жіберу кезінде Өскемен ГЭС бөгеті арқылы өтетін орташа тәуліктік су көлемі 1060 м3/сек (су жіберу кезінде өткізу қабілеті 4 000-нан астам м3/сек) құрайды,

Шүлбі ГЭС - 2400-ден 3500 м3/сек дейін (су жіберу кезінде қабілеті 5 000-нан астам м3/сек) су тасқыны аяқталғанда 1000 м3/сек дейін азаюымен.

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі су ресурстары жөніндегі Комитетінің су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу бойынша Ертіс бассейндік инспекциясы» РММ тасқын кезінде Ертіс өзенінің бассейніндегі су шаруашылығы жағдайындағы өзгертулерге тұрақты бақылау жүргізеді. Шүлбі су қоймасына бүйірлік ағыстың өзгеруі кезінде су жіберу кестесі өзгертілуі мүмкін. Табиғат қорғау су жіберу көлемі, сондай-ақ ұзақтығы бойынша режимін түзетуді Ертіс бассейндік инспекциясы жүргізетін болады.

Белгіленген су шығыны режимін ұстап тұру үшін Өскемен ГЭС суағарлық бөгетінің қалқандарын көтерілуі және бос су ағызуды өткізуі мүмкін, бұл Шүлбі су қоймасының су көлемін ұлғайтуға және көктемгі табиғат қорғау су жіберуін ұтымды жүргізуге мүмкіндік береді. Осы іс-шаралар су тасқыны кезіндегі штаттық жағдайлар болып табылады және Ертіс бассейндік инспекциясының өкімі бойынша өткізіледі.

Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС атқарушы директоры Тлек Айдабуловтың айтуынша, станция су тасқынынан штаттық режимде өтеді. «2019 жылғы су тасқынына дайындық шеңберінде Шүлбі ГЭС-да № 3 гидроагрегатына күрделі жөндеуден, Өскемен ГЭС-да № 4 гидроагрегатына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, қалған агрегаттарды, электр жабдықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Екі станцияда табиғатты қорғауға су жіберуі кезінде максималды жүктемені толық көтеруге дайын», - деп толықтырды Тлек Исламбекович.

Анықтама ақпарат:

* Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия, қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде, Ертіс өзенінің алқабына табиғат қорғайтын су жіберуді өткізу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдарының іс-қимылын үйлестіру мақсатында құрылды. Энергетика Министрлігі, ауыл шаруашылығы Министрлігі, су ресурстары жөніндегі Комитеттің, ауыл шаруашылығы Министрлігінің комиссия құрамына Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімдіктерінің, "KEGOC" акционерлік қоғамының өкілдері, гидростанцияларының басшылары кіреді.

Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады: бассейндегі су шаруашылығы жағдайын сараптамалық бағалау және көктемгі табиғат қорғау өтемдік су жіберуді жүзеге асыруды өткізу кестесін дайындау бойынша ұсыныстар әзірлеу; бекітілген кестеге сәйкес табиғатты қорғау тұрғысында су жіберуді жүргізу мониторингін тұрақты жүзеге асыру.


Бұрын