Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС электр энергиясы үшін бағаны төмендетеді

Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС электр энергиясы үшін бағаны төмендетеді

30.12.2017

Өскемен, 30 желтоқсан 2017 ж. – Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап көтерме нарықта электр энергиясын кВт*сағ үшін 4,39 теңгеден өткізеді.

Бүгінгі күні Өскемен ГЭС мен Шүлбі ГЭС ҚР Энергетика министрлігінің басқаруында. Осыған байланысты станция дамуының стратегиялық бағыттары, дамудың перспективалық жоспарлары және тарифтік саясаты серіктестіктің алқалы басқару органы – Қадағалаушы кеңесімен анықталады.

8 желтоқсан күні серіктестіктердің Қадағалаушы кеңесінің бірінші отырысы өтті, отырыс барысында электр энергиясын өткізу бағасын кВт*сағ үшін 4,39 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылданды. Аталған баға деңгейі станцияларға станцияны жөндеуге және жаңғыртуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді және активтердің құнын төмендетпейді.

Ертіс каскадының гидроэлектрстанцияларында баға деңгейін төмендету Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігінің тапсырмасын орындау үшін жасалды.

Естеріңізге сала кетсек, гидростанциялар 2009 жылдан бастап электр энергиясын Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген шектік тарифтердің шеңберінде сатты. Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС 2015 жылдан бастап көтерме нарықта электр энергиясын 1 кВт*сағ үшін 4.5 теңгеден өткізеді.


Бұрын