Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС 2019 жылғы табиғатты қорғау мақсатында көктемгі сужіберуден өту шараларына дайындалуда

Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС 2019 жылғы табиғатты қорғау мақсатында көктемгі сужіберуден өту шараларына дайындалуда

07.03.2019

Семей // 2019 ж. 7 наурыз – Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС көктемгі сужіберуден өту бойынша дайындық шаралары аяқталуда.

Жыл сайын гидроэнергетикалық станциялар өзен арнасын тазарту, жағалау аймағының табиғи балансын және экологиялық теңгерімін сақтау үшін Ертіс өзенінің қабатына экологиялық өтемдік босатуды жүргізеді, бұл Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында ауыл шаруашылығын дамытуға ықпал етеді.

6 наурызда Семей қаласының әкімі Ермак Салимовтың төрағалық етуімен Семейдегі су тасқынына дайындық жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, ол отырыста су тасқынына дайындалуға жұмылдырылған барлық салалар қатысты, олар: Семей қаласының әкімшілігі, Семей қ. ТЖ бойынша Басқармасы, Ертіс бассейні инспекциясының өкілдері, сонымен қоса Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС атқарылған шаралар туралы есеп берді.

Көктемгі сужіберуден өту кезінде гидроэлектр станциясы барынша жүктемеге ие болады, сондықтан осы уақытқа дейін жөндеу жұмысары аяқталды және станциялардың барлық жабдықтары максималды қуатта жұмыс істеуге дайын болады.

2019 жылғы су тасқынына дайындалу аясында Шүлбі ГЭС-нда кестеге сәйкес № 1, 2, 4 ,5 гидроагрегаттарына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді, №6 гидроагрегатына ағымды жөндеу жүргізіліп жатыр. №3 гидроагрегатына күрделі жөндеу жұмысы өз мәресіне жетті: басқару және қорғау жүйесі ретке келтірілуде.

Өскемен ГЭС-нда негізгі құралға жөндеу жүргізу жөндеу жұмысының бекітілген кестесіне сәйкес жүргізіледі және №1 мен №2 гидроагрегаттарының ағымды жөндеу жұмыстары оң нәтижемен аяқталды. Соңғы кезеңде кестеден екі аптаға алға озу арқылы №4 гидроагрегатына жасалған күрделі жөндеуін жатқызуға болады. Табиғатты қорғау басталғанға дейін барлық жұмыстар аяқталады, және де екі гидроэлектр станцияларының жабдықтары максималды жүктемелермен жұмыс істеуге толығымен дайын.

Әр станцияда табиғатты қорғау кезеңінде қызметкерлердің іс-әрекеттері бойынша жалпы станцияға төтенше жағдайларды жою бойынша тренинг өткізілді, ұжымға жоспарлы түрде нұсқама жүргізілді, су соратын жабдықтар әзірленді, қорғау құралдарының болуы және жұмысқа жарамдылығы тексерілді. Екі станцияда да жүк көтергіш механизмдер дайындалды.

Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС станцияларында тоғанның қауіпсіздігі бойынша «Су ресурстарын пайдалану және қорғауды ретке келтіру бойынша Ертіс бассейнінің инспекциясы» РММ-сінде тіркелген Декларациясы бар. Бұл құжат гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін ұйымдастыру және бақылау жүйесі бөгеттің қауіпсіздік талаптарына сай келетінін, яғни Өскемен ГЭС-інің және Шүлбі ГЭС-інің гидротехникалық құрылыстары мен сенімді жұмыс жағдайында екендігін дәлелдейді.

Наурыздың үшінші онкүндігінде станцияларда табиғатты қорғау бойынша шығарылымдардан өтуге дайындық туралы Актіге қол қою арқылы комиссия отырысын өткізу жоспарланып отыр. Станцияның техникалық қызметкерлерінен басқа бұл отырысқа «Казахэнергоэкспертиз» және Өскемен, Семей қалаларының ТЖД қатысады.

Табиғатты қорғау бойынша су жіберудің басталуы және оның жалғасуы, сондай-ақ көлемі Ертіс бөгендер каскадының су ресурстарын пайдалану бойынша үнемі әрекет ететін Ведомствоаралық комиссиясымен хабарланатын болады*.

Анықтамалық ақпарат:

*Ертіс бөгендер каскадының су ресурстарын пайдалану бойынша үнемі әрекет ететін Ведомствоаралық комиссиясы Ертіс өзенінің алқабына табиғатты қорғау бойынша суды жіберу кезінде оңтайлы жағдайларда, басым климаттық жағдайларды ескере отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттерін үйлестіру мақсатында шығарылған. Комиссия құрамына энергетика Министрлігі, ауыл шаруашылық Министрлігі, ауыл шаруашылық Министрлігінің су ресурстары бойынша Комитеті, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша әкімшіліктерінің, "КЕGОС" акционерлік қоғамының өкілдері, гидростанция басшылары кіреді.

Комиссияның негізгі міндеттері болып бассейндегі судың ахуалына сараптамалық баға беру және көктемгі-табиғатты қорғау бойынша су жіберудің өтеу кестелерін әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау; бекітілген кестеге сәйкес, табиғатты қорғау бойынша су жіберудің үздіксіз мониторингін жүзеге асыру.


Бұрын