Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Өскемен ГЭС қызметкерлері қала тұрғындары тастап кеткен қоқысты жинау үшін Ертіс жағалауын тазалау үшін шығуға мәжбүр

Өскемен ГЭС қызметкерлері қала тұрғындары тастап кеткен қоқысты жинау үшін Ертіс жағалауын тазалау үшін шығуға мәжбүр

16.08.2019

9 тамыз 2019 ж. - Өскемен – Өскемен ГЭС қызметкерлері саяжай тұрғындары мен демалушылар қалдырып кеткен қоқысты жинау үшін станция маңайындағы аумақ пен Ертіс жағалауын кезекті тазалауға шықты.

Өскемен ГЭС қызметкерлері жыл сайын жылдың жайма шуақ кезінде, сәуірден қыркүйекке дейін, станция маңайындағы аумақ пен Ертіс жағалауын тазалауға бірнеше рет шығуға мәжбүр болады. Әр жолы отыз-қырық қапқа жуық қоқыс жиналады.

Ертіс жағалауына демалуға келетін қала тұрғындары мен қала қонақтары, сондай-ақ жақын жердегі саяжай тұрғындары үнемі тұрмыстық қоқыс пен тамақ қалдықтарын жағаға немесе ГЭС бөгетінің жанына тастайды. Сол жерде орнатылған бейнебақылау камераларынан да қымсынбайды.

Кәдеге жаратылмаған қатты тұрмыстық қалдықтар экологияға орасан зор зиян келтіруде: полиэтилен, екі жүз жыл ыдырайды, шынының ыдырау мерзімі – мың жыл! Табиғатта тасталған қоқыс – жағымсыз ғана емес, қауіпті де. Қоқысты өртегеннің өзінде қоқыстың бір бөлігі жер бетінде сол күйінде қалады, ал қауіпті заттың бір бөлігі атмосфераға тарайды. Сондықтан жалғыз дұрыс шешім - қоқысты жинап, арнайы тағайындалған орынға апару.

Сонымен қатар, жағалаудағы қоқыс, көбінесе жеңіл пластик бөтелкелер сумен Өскемен ГЭС бөгетіне қарай ағып келеді де, су бетіне жиналады, оны да станция қызметкерлеріне қосымша техниканың көмегімен жинауға тура келеді.

«Өскемен ГЭС міндеті – электр энергиясын өндіріп, онымен өңірді қамтамасыз ету. Бізде үнемі қоқыс жинап шығаруға арналған арнайы бригада мен техника жоқ, бірақ жинауға мәжбүрміз, әйтпесе Ертіс жағалауы мен маңайындағы аумақ қоқыс алаңына айналады, - деді Өскемен ГЭС заң мәселелері жөніндегі директоры Айдын Рашидов. – Біз мұны тоқтату үшін үнемі қоқыс тастайтын адамдарды жауапкершілікке тарту туралы өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр боламыз. Біздің бейнебақылау камераларымыз ГЭС бөгетінің жанына қоқысымен пакеттерді қалдыратындарды үнемі жазып тұрады».

Өскемен ГЭС атқарушы директоры Тілек Айдабуловтың пікірінше, Ертіс жағалауы – бұл Өскемен қаласының ресми келбеті, бірақ қоқыс жылдан жылға артып келеді. Сондықтан Өскемен ГЭС қызметкерлері жағалау мен станцияның маңайындағы аумақты жинауға жиі шығуға мәжбүр. Біз саяжай тұрғындары мен демалушыларды өздеріңізден кейін қоқысты тастамауға, жағалауды және маңайындағы аумақты тазалықта ұстауға шақырамыз».


«АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС Өскемен ГЭС алғашқы турбинасы 1952 жылдың желтоқсан айында қолданысқа енгізілді. Орнатылған қуаты - 355,6 мВт. Өскемен ГЭС апталық-тәуліктік шамада Бұқтырма ГЭС-ның сужіберуін қайта реттеу үшін қызмет етеді, яғни контр реттеуіштің міндетін атқарады.

Сұрақтарыңыз болса, «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС және «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманы Светлана Нищенкоға хабарласыңыз.
тел.: 8 (7232) 56-10-56 (ішкі.3411), ұялы.: +7 701 521 50 83, Svetlana.nishchenko@ukges.kz


Бұрын