Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Өскемен ГЭС пен Шүлбі ГЭС Ертіске балық жіберуді жүзеге асыруда

Өскемен ГЭС пен Шүлбі ГЭС Ертіске балық жіберуді жүзеге асыруда

30.09.2019

Өскемен – Семей // 27 қыркүйек 2019 ж. – Өскемен ГЭС пен Шүлбі ГЭС Ертіс өзенінде балық ресурстарын қалпына келтіру бойынша акция жүргізуде. Балық шығару мемлекеттік комиссияның бақылауымен өтті, оның құрамында РММ «Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесінің ШҚО аймақтық инспекциясы», ММ «Табиғат ресурстары мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының» өкілдері болды.

Өскемен ГЭС 298 мың дана шамасында биылғы төл* сазанды (тұқы**) Бұқтырма су қоймасына Үлкен Нарын бұғазына Күршім ауылы аумағында жіберді; Шүлбі ГЭС Шүлбі су қоймасына Азовое ауылының маңында 132 мың дана шамасында ұқсас балық отырғызу материалдарын жіберді. Акцияның мақсаты – Ертіс өзені бассейнінде балық фаунасын сақтау.

Балық жіберу орнына «Ертіс балық» ЖШС жас балықты тасуға арналған барлық қажеттілікпен жабдықталған арнайы автокөлікпен биылғы төлдерді жеткізді: шлюздер, крандармен, бекітулермен, оттек жеткізумен, науа және түсіру құбырларымен жабдықталған. Тасымалдау кезінде судың оңтайлы температурасы және оттегі деңгейі сақталды. Шығару алдында балықты табиғи жағдайға бейімдеу үшін ыдысқа өзен суы қосылды.

Табиғи байлықтарды сақтау және арттыру – бүгінгі күннін ең өзекті сауалдарының бірі, сондықтан гидроэнергетиктер мен экологиялық қоғамның ортақ күшімен Ертістің балық фаунасын толықтыру бойынша табиғатты сақтау шаралары жасалды, - деді Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС атқарушы директоры Тлек Айдабулов. – 2019 жылы Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС шығарылған су биоресурстарының көлемі 430 000 дананы құрады. 2018 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 9% ға артқан. Екі гидростанцияның балық жіберу шығындары биылғы жылы 9,9 млн. теңгені, өткен жылы 8,8 млн. теңгені құрады».

Ірі гидро реттеуіш компаниялардың бірі ретіне Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС қызметінің басымдылығы экологиялық жоғары жауапкершілікте болып отыр. Станцияларда Ертіс жағалауын тазарту бойынша ерікті экологиялық жобалар, заңсыз қойылған ауларды табу, станция аумағы мен басқа жерлерде де ағаш көшеттерін отырғызу, сондай-ақ мектеп оқушыларына экология сабағы жүргізіледі.

Бұдан бөлек, гидроэнергетиктер ГЭС-ты экологияға барынша қауіпсіз қылу шешімдерін үнемі іздеу үстінде, Мәселен, Шүлбі ГЭС жас балықтарды жоғалтпау үшін турбиналық сутартқыштарының алдына жарық дақтарының пайда болуына арналған прожекторлар орнатқан, бұл балықтардың су тоғандарына түсуін азайтуға мүмкіндік береді.

2020 жылы «Өскемен АЭС» ЖШС балықты қорғау құрылғыларын орнату бойынша техникалық шешімдерді қарастыру мақсатында ғылыми зерттеулер мен жобалық-зерттеу жұмыстарын өткізу жоспарлануда.


*Биылғы төл – биылғы жылғы төл

** тұқы – қорек талғамайтын тұщы суда жүзетін балық. Тұқы сазан формасында, одан төзімділігі мен тұқымдылығы артық. Бұл балық көп жейді және тез өседі. Тамақ ретінде қамыс өскіндері, бақа мен балық уылдырығы, құрт, жәндіктерді жейді. Ол тұщы да сортаңды суда жүре береді. Балықты өсіру үшін тұқының кез келген түрін пайдалануға болады.


Бұрын