Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Өскемен ГЭС жаңғырту шаралары туралы

Өскемен ГЭС жаңғырту шаралары туралы

06.11.2018

Өскемен // 6 қараша 2018 ж. – 2018 жылы Өскемен ГЭС екінші рет дүниеге келді – станцияның өндіретін қуаты артты, бұл гидроэлектрстанциясын жаңғырту бойынша енгізілген жобалардың нәтижесінде мүмкін болды.

Өскемен ГЭС – Қазақстанның бұрынғы гидростанцияларының бірі, бірақ, өзінің «қадірлі» 65-жылдық жасына қарамастан, екінші рет дүниеге келді. Ағымдағы жылы станция қуатының артуына байланысты екі гидроагрегатты қайта маркалау іс-жосығынан өтті. Станцияның белгіленген қуаты 331,2 МВт-тан 355,6 МВт. дейін ұлғайды. Бір тәулік ішінде өндіру тұрғысынан алғанда - 400 000 кВт*с. астам артты.

2013 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде Энергетика министрімен бекітілген инвестициялық бағдарламаға сәйкес төрт гидроагрегаттың үшеуі жаңғыртудан өтті. Жаңғырту жобаларына гидрогенераторды, гидротурбинаның жұмыс доңғалағын, сонымен қатар көтергіш трансформаторларын ауыстыру кірді.

«Гидроагрегаттарды, стационарлық мониторингті, гидротурбиналар арқылы өтетін су шығынын бақылаудың ультрадыбыстық жүйесін автоматтандырылған басқарудың заманауи жүйелері енгізілді. Ескірген қоздыру жүйесі заманауиына ауыстырылды. Жаңартылған турбиналардың ПӘК, бұрынғысы 90% болса, қазір жоғарғы деңгейі 96,6%-ға жетті», - дейді Өскемен ГЭС техникалық директоры Олег Изотов.

Ағымдағы жылғы тамыз айының басында № 4 гидроагрегат күрделі жөндеуге шығарылды. Жөндеуді аяқтаудың жоспарлы уақыты – 2019 жылғы сәуір айы. Гидроагрегатты күрделі жөндеу техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Күрделі жөндеудің типтік көлемінен басқа, осы жөндеу көлемі блоктың жылуды бақылау жүйесін жаңғыртуды, гидроагрегат арқылы су шығынын өлшеудің ультрадыбыстық жүйесін енгізуді, гидротурбиналық жабдықтың қалдықтық ресурсын тексеру және есептеуді қарастырады. Сонымен қатар №4 гидроагрегатты күрделі жөндеу кезінде өзіндік қажеттіліктерінің күштік трансформаторларын ауыстыру және өрт пен жарылыстың алдын алу жүйесінің трансформаторларына монтаждау жасалды.

Соңғы жылдары Өскемен ГЭС-да Үкімет Қаулысымен бекітілген мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға сәйкес электр энергиясын өндірушілердің әртүрлі топтары үшін гидромеханикалық жабдықты ауыстыру (жұмыс қақпалары, қоқырсық ұстау торы), бөгеттің жай-күйіне диагностика жасау жүйесін енгізу, тұрмыстық және инженерлік-тұрмыстық корпус, орталық бақылау-өткізу пункті, өрт депосы ғимараттарының құрылысы, бөгеттің қорғаныс қабатын қалпына келтіру сияқты бірқатар жобалар аяқталды.

«Станция басшылығы қоғам алдындағы, соның ішінде станция қызметкерлерінің алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін сезіне отырып, станцияны жаңғырту бойынша жобалармен қатар, жұмыс орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, еңбекті қорғауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жобаларға аса назар аударады», - дейді атқарушы директор Тілек Айдабулов. – Мемлекеттік Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын басшылыққа алып, біз адами әлеуеттің дамуына да қаржы саламыз».


Біздің мәлімет. Станция 65-жыл жұмыс мерзімі ішінде 96,4 млрд. кВт*сағ.астам өндірді. Станцияның тарихында электр энергиясын өндіру бойынша ең жоғары рекордтық көрсеткіштері 2017 жылы болды – жылдық орташа өндіріс 1,6 млрд.кВт*с болғанда, 1 млрд. 943 млн. кВт*сағ. астам электр энергиясы өндірілді.


Бұрын