Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС Ертіске балық жіберуі туралы

Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС Ертіске балық жіберуі туралы

13.09.2018

Өскемен-Семей // 13 қыркүйек 2018 ж. – Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС Ертіске балық жіберу жұмысын атқаруда.

Өскемен ГЭС-да және Шүлбі ГЭС-да Ертіс алабының су қоймасына балық жіберу бойынша акция өтті. Өскемен бөгеніне* Ермаковка ауылының аймағында және Шүлбі бөгеніне**Азовое ауылының маңайында 400 000 биылғы төл*** сазан (тұқы) жіберілді. Акцияның мақсаты – Ертіс өзенінің алабында ихтиофаунаны қолдау.

Сазанның (тұқының) құртшабағы «Ертіс Балық» ЖШС балық шаруашылығымен өсірілді. Биылғы төлмен балықтандыру орнына арнайы балықты тірідей сақтайтын контейнерлерде жеткізді. Шығару алдында сазанды табиғи жаратылыс жағдайына бейімдеу үшін ыдысқа өзеннің суын араластырып құйған.

Балық жіберу процесі комиссияның қатысуымен өтті, оған Шығыс Қазақстан облысының табиғат қорлары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, «Балық шаруашылығының қазақ ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Алтай филиалының, «Казахрыбхоз» балық шаруашылығының субъектілері мен балықшылар қоғамдық бірлестіктерінің республикалық ассоциациясының, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Шығыс Қазақстан облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ өкілдері, сонымен қатар ШҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірді.

Дүниежүзілік гидроэлектрстанцияларды пайдалану тәжірибесі балықтардың популяциясы мен олардың жемшөп қорына кері әсері бар екенін көрсетеді. Өскемен ГЭС мен Шүлбі ГЭС мұндай әсері жоқ емес. Аталған ГЭС құрылыс жобасында балықты қорғау және балық өткізу ғимараттары қарастырылмаған. Бүгінгі күні гидростанцияларды олармен жабдықтау конструкцияның қымбатшылығынан мүмкін емес.

Мұндай жағдайда экономика мен экология ымыраға келуге талпынады және гидроэнергетиктердің, экологиялық бірлестің және жергілікті биліктің бірлескен күшімен әрбір ірі су қоймасы үшін өтемақылық табиғатты қорғау шараларын әзірлейді. Залал су қоймаларында балық өсіру шараларын дамытумен өтелуі тиіс. Мысалы, жасанды су қоймаларында – балық зауыттарында ихтиофаунаны қайта өсіру және оларды табиғи жағдайларға шығару. Ертіс алабына балық жіберу арқылы гидростанциялардың су қоймаларының ихтиофаунасына келтірген залалдарының орнын толтыру үшін осы шешім қабылданды.

Гидроэнергетиктер ГЭС экология үшін анағұрлым қауіпсіз ету үшін үнемі ізденіс үстінде болады. Сөйтіп, Шүлбі ГЭС балық құртшабағының ысырабын азайту үшін турбиналық сужеткізгіштердің алдында жарық таңбаларын жасау үшін прожекторлар орнатылды, олар суалу ғимаратына балықтың түсіп кетуін азайтуға себептеседі.

Шүлбі ГЭС да, Өскемен ГЭС да өздері орналасқан өңірлерде экологияны дәріптеуге және табиғатты аялауға бағытталған жобаларды жүзеге асырады. Соның ішінде – Ертіс жағалауын тазалау жобалары, заңсыз орнатылған торларды алу, бұлақтарды тазарту, табиғатты аялау туралы ақпараттық баннерлерді орнату және т.б.


*Өскемен су қоймасы - салыстырмалы түрде ихтиофаунасы нашар, балық саны аз, балықтың көбеюіне абиотикалық жағдайы төмен. Су қоймасында табан, сазан, көксерке, рипус, пайдабалық бейімделген.

**Шүлбе су қоймасы – бұл орта өнімді су қоймасы, оның ихтиофаунасына қазіргі таңда балықтың 25 түрі бар, оның ішінде 20-сы тұрғылықты түр, қалғаны осында жер сіндірілген.

***Сеголеток – биылғы жылғы төл.


Бұрын