Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения

Өскемен ГЭС қуатын арттыру туралы

28.05.2018

Өскемен // 28 мамыр 2018 ж. – Өскемен ГЭС-да қуаттың арттырылуына байланысты №2 және №3 гидроагрегаттарын қайта таңбалау бойынша шаралар кешені аяқталды. Станцияның орнатылған қуаты 355,6 МВт дейін көбейді.

Жабдықтың сенімділігін арттыру және станцияның қуатын арттыру – бұл екі №2 және №3 гидроагрегаттарды жаңғырту нәтижесі. Әрбір гидроагрегаттың даралық қуаты, бұрынғы 82,8 МВт орнына, 95 МВт дейін артты. Тиісінше, Өскемен ГЭС жалпы орнатылған қуаты, бұрынғы 331,2 МВт орнына, 355,6 МВт құрайды.

Естеріңізге сала кетсек, 2013 ж. маусым айынан 2015 ж. сәуір айына дейінгі кезең аралығында Өскемен ГЭС-да ШҚО индустрияландыру Картасына қосылған №3 гидроагрегат жаңартылды, ал 2015 ж. қараша айынан 2017 ж. наурыз айына дейін мұндай жұмыстар №2 гидроагрегатта орындалды.

Жаңарту жобаларына гидрогенераторды, гидротурбинаның жұмыс доңғалағын1, сондай-ақ көтергіш трансформаторларды ауыстыру кірді. Бұдан бөлек, гидроагрегаттарды автоматтандырылған басқарудың, стационарлық мониторингтің заманауи жүйелері, гидротурбина арқылы өтетін су шығынын бақылаудың ультрадыбыстық жүйесі енгізілді. Ескірген қоздыру жүйесі2 заманауиына ауыстырылды.

«Гидроагрегаттарды толық жаңарту әрқайсысының қуатын 12 МВт астамға арттырды, - деді «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС бас директоры Балабатыров Аскар Сейтжанович. – Тәуліктік өндірістің қимасында бұл 400 000 кВт*с астам, бұл, әрине, тұтынушыларды энергиямен жабдықтау үшін маңызды».

«Мамандандырылған мердігерлік ұйым абсолют әдіспен гидроагрегаттарды діріл және энергетикалық сынақтан өткізді, бұл сынақ №2 және №3 гидроагрегаттар қанағаттанарлық жағдайда екенін, барлық кепілдік пайдалану көрсеткіштері жабдықты дайындаушы зауыттармен мәлімделген көрсеткіштерге сәйкес екенін көрсетеді. Бұл олардың дайындалуының жоғары дәлдігі мен монтаждау жұмыстарының сапасын растады. Жаңартылған турбиналардың ПӘК ең жоғарғы деңгейі 96,6% жетеді, салыстыру үшін -жаңартқанға дейін ПӘК 90% артық болмаған», - деп хабарлады «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС техникалық директоры Изотов Олег Андреевич.


1 Гидротурбинаның жұмыс доңғалағы – судың механикалық энергиясын айналмалы біліктің энергиясына түрлендіретін гидравликалық турбинаның негізгі торабы.

2 Қоздыру жүйесі – электр энергиясын өндіру үшін қажетті генератордың көмекші жабдығы.


Бұрын