Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Өскемен қаласының оқушыларына арналған қауіпсіздік сабақтары

Өскемен қаласының оқушыларына арналған қауіпсіздік сабақтары

Өскемен қаласының оқушыларына арналған қауіпсіздік сабақтары

Өскемен ГЭС қызметкерлері қыркүйек айында қала оқушыларымен қауіпсіздік саласындағы жұмысты жаңғыртты.

25 қыркүйек күні гидромеханикалық және электр цехтарының үш қызметкері № 13 мектепке барып, төртінші сынып оқушыларына электр қауіпсіздігі туралы әңгімелеп берді.

Сабақты Андрей Кузнецов, құрал-сайманшы слесарь, Юрий Корачков, РҚА аппаратурасын жөндеу жөніндегі электрмонтёрі, Семён Абрамкин, электрлік машиналарды жөндеу жөніндегі электрослесарь өткізді.

Қызметкерлер электр тоғының ерекшелігі туралы айтып берді, көшеде және үйде электр қауіпсіздігі жөнінде презентация көрсетті, содан кейін викторина өткізді. Балаларға әсіресе электр қондырғыларда жұмыс істеуге арналған жеке қорғану құралдары ұнады. Олар оны қолмен ұстап қана емес, өздеріне өлшеп көрді. Бұл диэлектрлік резеңке етіктер, қолғаптар, қарнақ; қорғаныш қалқаншасымен каска; электр доғасынан қорғайтын костюм мен кернеу көрсеткіші болды.

Балаларға энергияны үнемдеу тақырыбында бояуға арналған суреттер мен электр қауіпсіздігі ережелерімен сабақ кестелерін үлестірді.

Станция қызметкерлері ағымдағы жылы балаларға арналған электр қауіпсіздігі бойынша тағы екі сабақ өткізуді жоспарлауда.

Бұрын