Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Өскемен ГЭС-да гидроагрегатты күрделі жөндеу

Өскемен ГЭС-да гидроагрегатты күрделі жөндеу

23.09.2018

Өскемен ГЭС-да №4 ГА күрделі жөндеуі жалғасуда.

Бүгінгі күні үш кезеңнен тұрған гидроагрегатты бөлшектеу аяқталды:

  • гидроагрегаттың мойынтірегін демонтаждау;
  • гидроагрегаттың жоғарғы айқастырмасының металлоконструкциясын демонтаждау;
  • гидрогенератордың роторын суырып алу – өте маңызды және жауапты оқиға, гидрогенератордың ең ауыр негізгі бөлігін көтеру және жөндеу орнына ауыстыру бойынша операция. Жұмыс екі кранмен орындалып, сәтті, ескертулерсіз өтті.

Енді күрделі жөндеу жөндеу жұмыстарын орындау фазасына кірді.

Гидрогенератордың роторын жөндеу бойынша жұмыстар басталды, олар өте жауапты да күрделі операциямен – ротордың тоғынын сыналаумен және оның пішімін түзетумен аяқталады.

Турбинаның су жүретін бөлігі мен жұмыс доңғалағын жөндеу бойынша ұзақ мерзімді жұмыстар басталды.

Техникалық сумен қамтамасыз ету жабдығын жөндеу жұмысы жалғасуда.

Алдағы уақытта гидрогенератордың негізгі тораптарын – статор мен роторды электрлік сынау бойынша үлкен жұмыс көлемі бар.

Сондай-ақ гидроагрегаттың РҚА және БАЖ құрылғыларын тексеру жұмыстарын бастау жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетсек, жөндеу жұмысы 1 тамыздан бастап жүргізілуде, аяқтау 2019 жылғы сәуір айына жоспарланды.

Бұрын