Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения

Оқушыларға арналған қауіпсіздік

Оқушыларға арналған қауіпсіздік

Өскемен ГЭС қызметкерлері қалау оқушыларына электр қауіпсіздігі мен энергияны үнемдеу негіздерін түсіндіру бойынша жұмысқа өз үлестерін қосты.

Оқу жылының басынан бастап энергияны үнемдеу және электр қауіпсіздігі бойынша бойынша үш сынып сағатын өткізді, сабақ барысында балаларға электр тоғының ерекшелігі туралы, көшеде және үйде электр қауіпсіздігі жөнінде әңгімелеп берді, электр қондырғыларында жұмыс істеуге арналған жеке қорғану құралдарын көрсетті.

Үш сынып сағаттарының барлығы Өскемен қаласында № 13 мектепте төртінші сынып оқушыларымен өткізілді. Өскемен ГЭС сегіз қызметкері балалардың қауіпсіздік саласындағы мәдениетін қалыптастыруға ат салысты. Сабақты Андрей Кузнецов, құрал-сайманшы слесарь, Юрий Корачков, РҚА аппаратурасын жөндеу жөніндегі электрмонтёрі, Семён Абрамкин, электрлік машиналарды жөндеу жөніндегі электрослесарь, Коноплев Александр, сынақтар және өлшемдер жөніндегі инженер, Дамир Ескужинов, өндірісті дайындау жөніндегі инженер, Роман Ложников, гидроагрегаттардың машинисті, Николай Волобуев, РҚА аппаратурасын жөндеу жөніндегі электромонтёр өткізді. Қызметкерлер оқушылармен жұмысты жалғастырады 2019 жылға қауіпсіздік бойынша сабақтар жоспарланып қойды.

Бұрын