Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения

КМЖ одан әрі дамыту және жетілдіру үшін

КМЖ одан әрі дамыту және жетілдіру үшін

19.03.2021

Кәсіпорын қызметкерлері мен басшылары үшін «ISO 9001:2015, 14001:2015, 45001:2018, 50001:2018 стандарттарына сәйкес КМЖ дамыту және жетілдіру» семинар-тренингі  қазан айының ортасында екі станцияда өтті.

Өскемен ГЭС-інде 23 адам және 9 жоғары және орта буын басшылары оқудан өтті.

Оқытуда тыңдаушылар ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018, ISO 50001:2018, ISO 31000:2018 халықаралық стандарттарының мазмұнын жан-жақты талдады; компанияның мәнмәтіні, КМЖ қолдану саласы; бизнес-процестер, процестердің өлшемдері; тәуекел-менеджментке кіріспе, тәуекелді талдау, КМЖ мақсаттары; КМЖ жүйесінің үдерістерін жақсарту сияқты ұғымдар туралы әңгімелесті.

Тренер Евгений Литвиновтың жетекшілігімен сабақ барысында тыңдаушылар ішкі аудитті жүргізуге қатысты стандарттардың талаптарын талдады: аудиттің түрлері мен мақсаттары; аудит саласы мен объектісі; стандарттар тармақтары бойынша жауапкершілік матрицасы, аудиттің өмірлік циклі (жоспарлау, аудит жүргізу, нәтижелерді талдау, есептер және түзету әрекеттері); біріктірілген менеджмент жүйесінің ішкі аудиттерін жоспарлау; КМЖ аудит жоспары; КМЖ ішкі аудиттерін жоспарлау және жүргізу кезіндегі тәуекелдер.

Семинар-тренинг барысында тәжірибелік топтық жұмыстар жүргізілді, кәсіпорындарда КМЖ одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар берілді және ISO 45001:2018, ISO 50001:2018 стандарттарының жаңа нұсқаларына көшуге байланысты ішкі нормативтік құжаттамаға толықтырулар енгізілді..

Станция қызметкерлерінің ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018, ISO 50001:2018, ISO 31000:2018 талаптарын білуі және қолдануы кәсіпорындарда жүйенің одан әрі жұмыс істеуі үшін маңызды.

Бұрын