Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения

ГА-4 күрделі жөндеу

12.08.2018

№4 гидроагрегат 2018 жылғы 01 тамыздан бастап 2019 жылғы 10 сәуірге дейін күрделі жөндеуге шығарылды. Гидроагрегатты күрделі жөндеу ТПҚ талаптарына сәйкес жүргізіледі, онда күрделі жөндеулерді жүргізу мерзімділігі 5-7 жылда 1 рет қарастырылған. Гидроагрегат жабдығын ішінара жаңғыртуға кіретін алдыңғы жөндеу 2009-2011 жж. жүргізілді.

Электртехникалық және гидромеханикалық жабдықты, блокты басқарудың автоматтандырылған жүйесін, гидроагрегатқа мониторинг жүргізу жүйесін, қоздыру жүйесін жөндеу кіретін күрделі жөндеудің типтік көлемінен басқа, төмендегілерді қарастырады:

блокты жылу бақылау жүйесін жаңғыртуды;

Гидроагрегат арқылы су шығынын өлшеудің ультрадыбыстық жүйесін енгізу;

Гидротурбиналық жабдықтың қалдықтық ресурсын зерттеу және есептеу;

Генератор роторының белсенді бөлігін босату мақсатында ротордың тоғынын «ыстықтай» ажыратылады, бұл Өскемен ГЭС генераторларында бұрын жүргізілмеген. с

Сондай-ақ №4 гидроагрегатқа күрделі жөндеу жүргізу мерзімінде Т-17, Т-18 өзіндік қажеттіліктердің күштік трансформаторларын ауыстыру және SERGI француз фирмасының трансформаторлардың өртенуінің және жарылуының алдын алу жүйесінің №4 блок трансформаторларына монтаждау жүргізіледі.

Бұрын