Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
Шүлбі суқоймасына 100 мың шабақ жіберіледі

Шүлбі суқоймасына 100 мың шабақ жіберіледі

19.10.2020

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шүлбі су-электр станциясының басшылығы Ертіске 100 мың сазан шабағын жіберуді жоспарлап отыр.

Табыс табумен қатар, табиғат қорғау саласын да назардан тыс қалдырмаған Шүлбі су-электр станциясы биыл Шүлбі суқоймасын балықтандырмақ. Бұл туралы аталмыш, мекеменің мамандары хабарлады.

Суқойманы балықтандыру акциясы үстіміздегі қазан айына жоспарланған. Сазан балығының 100 мың шабағы Шүлбі суқоймасының Ұлан айданындағы бөлігінен суға жіберіледі. Бұл шараның атқарылу барысын арнайы құрылған топ өз бақылауында ұстайды, - дейді Шүлбі су-электр станциясының қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Светлана Нищенко.

Оның хабарлауынша, сазанның шабақтары Қарағанды облысынан жеткізіледі екен. Аталған мекеме былтыр да осы уақыт аралығында Ертіс өзеніне балық шабақтарын жіберген көрінеді.

Өзенге жіберілетін 100 мың шабақтың барлығы аман қалатынына ешкім кепілдік бермейді. Бір бөлігі жайлы аумақтарда қыстаса, енді біріне жем болу қаупі басым. Дегенмен, біздіңше жіберілген шабақтардың 20-30 пайызы аман қалады, - деп қосты маман.

Жалпы, ерке Ертістің балық қорын толықтыруға осы өзеннің бойында орналасқан бірнеше суқойманың атсалысып келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Атап айтсақ, осыған дейін бұл іске Ертістің жоғарғы бөлігіндегі Бұқтырма және Өскемен су-электр станциялары да үлес қосқан еді.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ


Бұрын