Версия для слабовидящих
Біздің мекен жай:
Өскемен, к. Шлюз, 35
БСН 970940000082
Қабылдау
8 (7232) 56-10-56

размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A A
Показывать изображения
БАҚ-да жарияланған мақалалар

БАҚ-да жарияланған мақалалар

ШҚО-да «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС ҰОС ардагерлеріне электр қуатын төледі

«АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС Шығыс Қазақстан облысында тұратын Ұлы Отан соғысының әрбір ардагеріне он екі мың теңге бөлді. Төленген электр энергиясының жалпы сомасы 1,3 млн теңгені құрады.

KEGOC цифрлық технологиялары: теңгерімсіздік екі есе азаяды

2020 жылдың соңында «KEGOC» АҚ жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесін құруды аяқтады. Жүйе БЭЖ жұмысының нақты режимінің үздіксіз мониторингін жүзеге асырады және телеметрия деректері ауытқулардың анықталғанын куәландыратын болса, жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесіне қосылған электр станцияларының генерациясын өзгертуге команда жібереді.

Көп жылғы дауға шатылған Шүлбі ГЭС-і қайта сатылмақ

Таяуда Мемлекет басшысы мақұлдаған, 2021–2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарына сәйкес, мемлекеттің 5 триллион теңге көлеміндегі активтері бәсекелестік ортаға берілмек. Осы жоспар аясында Үкімет «Өскемен ГЭС-і» мен «Шүлбі ГЭС-і» ЖШС-лерін барлық станцияларымен бірге жекенің қолына беруге ниетті.

Шығыс Қазақстан облысында 90-нан астам елді мекенде су басу қаупі бар

«Су тасқынының алдын алуға және күресуге бағытталған өңірдің дайындық шаралары белгіленген жоспарды талқыладық. 10 ақпаннан су басу қаупі бар учаскелерді тексеру және облыс аумағындағы гидрологиялық жағдайға аэровизуалды мониторинг жүргізу жұмыстары басталады. Бүгінгі таңда су тасқыны қаупі бар 94 елді мекен немесе 7191 тұрғын үй орналасқан 121 учаске анықталды. Мамандардың айтуынша, су басу қаупі Өскемен қаласы, Алтай, Катонқарағай, Тарбағатай, Глубокое және Бородулиха аудандарында орта деңгейден жоғары», – деді аймақ басшысы Даниал Ахметов

Өмір энергиясы

«XXI ғасыр энергетика саласындағы серпінді шешімдер дәуірі болуы қажет. Бұл тек энергетика саласының даму векторын ғана емес, планетамыздың алдағы мыңдаған жылдардағы тағдырын анықтайтын кезең болуға тиіс».

ШҚТУ-да "Энергетика саласындағы құзыреттер мен технологиялар трансфері орталығы" ашылды

  • 14.12.2021
  • Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті (ektu.kz)
  • Ссылка на источник
Тәуелсіздік күні қарсаңында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да тағы бір құзыреттілік орталығы пайдалануға берілді. Бүгін "Энергетика саласындағы құзыреттер мен технологиялар трансфері орталығы"ашылды.

Ұлттық волонтерлік желі корпоративтік волонтерліктің оң тәжірибелерін зерттеу бойынша қорытынды конференциясын өткізді

25 қарашада Ұлттық волонтерлік желі Қазақстандағы корпоративтік волонтерліктің оң тәжірибелерін зерттеу қорытындылары бойынша конференция өткізді.

АРДАГЕРЛЕРГЕ ЖАРЫҚТЫҢ АҚШАСЫН ТӨЛЕП БЕРДІ

«АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС облыстағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне электр қуатының ақшасын төледі. Аталмыш акция «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының және «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің қатысуымен өткізілді.

Заңсыз балық аулаушыларға тоқтам салды

  • 17.08.2020
  • Егемен Казахстан (egemen.kz)
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері 2020 жылдың 7 айында бақыланатын аумақтарда балық қорғау заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру бойынша 1 317 жедел рейд жүргізді.

Шүлбі суқоймасына 100 мың шабақ жіберіледі

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шүлбі су-электр станциясының басшылығы Ертіске 100 мың сазан шабағын жіберуді жоспарлап отыр. Табыс табумен қатар, табиғат қорғау саласын да назардан тыс қалдырмаған Шүлбі су-электр станциясы биыл Шүлбі суқоймасын балықтандырмақ. Бұл туралы аталмыш, мекеменің мамандары хабарлады.

Страницы: Пред. 1 2 3 4 5 ... 10 След.